28 Июл 2026, Вт

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАСЫН САҚТАУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Меркі ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналған мекемеаралық мәжіліс өтті. Жиынға аудан басшылығы, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты. Мәжілісте аудан аумағында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру барысы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты талқыланды.