Тараз қаласында «Жастар мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің негізінде құрылған ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған орталық өз жұмысын белсенді жүргізіп келеді. Бұл жоба Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауы арқасында жүзеге асты. Бүгінде мұнда қыз-жігіттер сұранысқа ие қолөнер түрлерін үйреніп, өз әлеуетін ашуға мүмкіндік алған.

