15 Ноя 2026, Вс

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Жамбыл облысы әкімдігінде облыс аумағында жүзеге асырылып жатқан құрылыс жобаларының орындалу барысына арналған аппараттық кеңес өтті. Жиында тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, индустриялық аймақтарды дамыту және бюджет қаражатының игерілуі жан-жақты сараланды.