28 Июл 2026, Вт

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Таразда қазақ күресінен Ұлттық ұлан чемпионаты басталды. Бұл дода — тәжік-ауған шекарасында антқа адал болып, ерлікпен қаза тапқан Ішкі әскердің 17 батыр жауынгерін қастерлеп еске алуға арналған. Сарбаздардың өшпес ерлігі бүгінде ел қорғаушылардың өр рухы мен қайсарлығын паш ету үшін боз кілемде бас қосқан үздік палуандарды жігерлендіріп отыр. Толығырақ әріптесімнің бейнематериалында.