15 Ноя 2026, Вс

ӘСКЕРИ СЕРТКЕ АДАЛДЫҚ

Өткен демалыс күндері Қазақстанның медицина қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті. Тараз қаласында бұл күні ақ халатты әскери дәрігерлер де — Тараз гарнизоны әскери госпиталінің дәрігерлері, фельдшерлері мен медбикелері де ерекше құрметке бөленді. Олардың кейбіреулері үшін бұл мерейлі күн әлдеқашан отбасылық мерекеге айналған.