Соңғы жылдары елімізде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеу бағытындағы жұмыстар күшейіп келеді. Соның бірі – инклюзивті білім беру жүйесін дамыту.Инклюзивті білім беру арқылы ерекше балалар жалпы білім беретін мектептерде өз құрдастарымен бірге білім алады. Бұл олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуына және өзіне деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық порталы

