Таразда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосқан дәстүрлі бильярд турнирі жалауын желбіретті. Өңірдегі қаламгерлер қауымы үшін игі үрдіске айналған бұл айтулы шара отандық журналистиканың көрнекті өкілі — Мұса Рахманбердиевтің жарқын елесіне арналған. Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған дода бильярд үстелі басында қаламы қарымды ардагерлер мен үміт үкілеген жас тілшілердің басын қосты. Биыл бұл турнир БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай осымен 19-шы рет өткізіліп отыр.
Ақпараттық порталы

