15 Ноя 2026, Вс

ОБЛЫСТЫҚ ӘКЕЛЕР ФЕСТИВАЛІ

Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» отбасылық даму әлеуметтік орталығында Әкелер күніне орай «Әкем – бәйтерегім» облыстық әкелер фестивалі өтті. Ауқымды іс-шараға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, білім саласының мамандары мен өңірдегі үлгілі әкелер қатысты.