15 Ноя 2026, Вс

УРБАНИСТИКА МЕН КӨГАЛДАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА СТАНДАРТТАРЫ

Облыс әкімінің төрағалығымен аппараттық кеңес отырысы өтті. Онда көтерілген негізгі мәселе — өңірдегі урбанистика саласын дамыту, Тараз қаласының бірыңғай брендбугін енгізу және жасыл қорды жүйелі басқару жайы болды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында аймақта бірқатар құрылымдық өзгерістер жүзеге асты.