15 Ноя 2026, Вс

Мерекелік іс-шара қызметкерлердің кәсіби мерейін өсіріп, ұжымдық бірлікті нығайтуға ықпал етті.

Қазақстан полициясы күніне орай ҚАЖ қызметкерлері марапатталды
Қазақстан полициясы күніне орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Шараға департаментке қарасты мекемелер мен бөлімдердің қызметкерлері қатысып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті.

Мерекелік бағдарлама аясында қызметтік міндеттерін үлгілі атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлерге алғыс жарияланып, марапаттар табысталды.

Сонымен қатар спорт саласында жетістікке жеткен қызметкерлер де ерекше құрметке ие болды. Атап айтқанда, бокс спортынан өткен жарыста І орын алған №59 мекемесінің қызметкерлері Нұрсұлтан Желдибаев, Рауан Расулов, Манарбек Ибрашев және Нұртуған Садукасов арнайы марапаттармен наградталды.
Сондай-ақ, спорттағы жоғары жетістіктері мен ел намысын абыроймен қорғағаны үшін Нұрсұлтан Желдібаевтың ата-анасына алғыс білдіріліп, арнайы марапат табысталды.