Жамбыл ауданында биылғы жылдың алғашқы төрт айында әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім байқалды. Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының мәліметінше, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 11 миллиард теңгеден асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,3 пайызға артқан. Қазір ауданда жалпы құны 65 миллиард теңгені құрайтын 14 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар іске қосылғанда жүздеген жаңа жұмыс орны ашылады.

