19 Июн 2026, Пт

17 БАС ЖЫЛҚЫНЫ ЖЫМҚЫРҒАН ЖЫЛҚЫШЫ ҰСТАЛДЫ

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иемдену фактісін анықтады. Шу аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, өзіне тиесілі 17 бас жылқының аудан аумағындағы шаруа қожалығының жайылымынан жоғалып кеткенін хабарлаған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.