20 Июн 2026, Сб

КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАМЕН КҮРЕС

Көлеңкелі экономика — ел қазынасына түсетін салықты азайтып, адал еңбек етіп жүрген кәсіпкерлердің жұмысына тұсау болатыны жасырын емес. Осы орайда Жамбыл облысында салық тәртібін нығайтып, заңсыз сауданың жолын кесу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өңірімізде «Кәсіпкердің абыройы – адалдықта, тұтынушының сенімі – фискалдық чекте» атты серпінді жоба іске асырылып жатыр. Бүгінде облыс көлемінде 95 мыңнан астам жеке кәсіпкер тіркелген болса, оның 8 мыңнан астамы биыл ғана ісін жаңадан бастағандар.