20 Июн 2026, Сб

ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ

Қалада «Ел іші – өнер кеніші» атты дәстүрлі өнер байқауы бастау алды. Жыл сайын ауылдық округтердің мәдениет ошақтары арасында өтетін бұл өнер додасы биыл жаңаша форматта ұйымдастырылып отыр. Байқаудың шымылдығын алғашқы болып ашқан өнерпаздар көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.