20 Июн 2026, Сб

БАТА-ТІЛЕК БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бата – халқымыздың сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан рухани мұрасының ажырамас бөлігі. Ол ұрпақты ізгілікке тәрбиелеп, үлкен мен кішінің арасын жалғайтын тағылымды дәстүр саналады. Осы ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында Мәдениет үйінде «Қыдыр дарып, бақ қонсын» атты бата-тілек айту байқауы өтті.