19 Июн 2026, Пт

ТАЛАС ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ

Жаз мезгілі басталғалы елдің бәрі шомылуға асығады. Аптап ыстықтан қашқан Тараздықтар да қазір өзен-көлдердің жағасында жүр. Бірақ, салқындаймын деп жүріп, сергелдеңге түсуге болмайды. Қауіпсіздік ережесін естен шығарғандар үшін талап қатаң. Мәселен, Жамбыл облысы бойынша суға шомылуға мүлдем рұқсат етілмеген 166 қауіпті орын белгіленген. Ал тұрғындардың қауіпсіз демалуына болатын небәрі 12 орын бар.