Қазақстандағы әскери міндетті азаматтарды даярлау жүйесінде маңызды жаңашылдық енгізілді. Биыл алғаш рет резервтегі азаматтар дәстүрлі әскери дайындықпен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруды да меңгереді. Тараз қаласындағы 14157 әскери бөлімінің базасында 30 күндік оқу-жаттығу жиыны басталды. Оған Тараз қаласы мен Жамбыл, Жуалы және Байзақ аудандарынан шақырылған 120 әскери міндетті азамат қатысуда.

