19 Июн 2026, Пт

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА РЕЙД ӨТТІ

Сыр елінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында профилактикалық іс-шара өткізілді. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы тазалық талаптарының сақталуын бақылап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шараның негізгі мақсаты – рұқсатсыз қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеу, экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.