предпринимателями в рамках проекта «Мобильный фронт-офис»
В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого Фондом развития предпринимательства «Даму». Мероприятия пройдут во всех районах и городах области с целью повышения доступности государственных мер поддержки для предпринимателей.
В ходе встреч представители бизнеса смогут получить подробные консультации по действующим государственным программам поддержки, а также ознакомиться с инструментами финансирования и развития предпринимательства.
Кроме того, участникам будут разъяснены механизмы льготного финансирования, субсидирования процентных ставок, гарантирования кредитов при недостаточности залогового обеспечения, микрокредитования, лизингового финансирования и другие меры государственной поддержки.
Участие во встречах смогут принять не только действующие предприниматели, но и граждане, планирующие открыть собственное дело. Они смогут получить ответы на интересующие вопросы и ознакомиться с существующими мерами поддержки. Также участникам будет представлена информация об инструментах поддержки, предлагаемых единым фронт-офисом Холдинга «Байтерек».
В целом проект «Мобильный фронт-офис» направлен на повышение доступности государственных программ поддержки для предпринимателей независимо от их местонахождения. Такой формат позволяет получить консультации квалифицированных специалистов без необходимости выезда в областной центр и создает комфортные условия для предпринимателей сельских округов и районов.
Во встречах примут участие специалисты Фонда развития предпринимательства «Даму» по Туркестанской области, представители банков второго уровня, Управления предпринимательства и торговли Туркестанской области, а также представители институтов поддержки.
Данная инициатива реализуется в рамках поручения Главы государства по расширению охвата субъектов малого и среднего бизнеса мерами государственной поддержки.
Реализация проекта позволит повысить доступность мер государственной поддержки, обеспечить информационную открытость и придать дополнительный импульс устойчивому развитию предпринимательства в регионе.
График проведения выездных встреч в рамках проекта «Мобильный фронт-офис» Фонда развития предпринимательства «Даму» по ТУркестанской области
| № | Дата выезда | Район / город | Место проведения | Время проведения |
| 1 | 16.06.2026 | 1) Отырарский район 2) Ордабасинский район | Актовый зал районного акимата 1) с. Шауылдер, 2) с. Темырлан | 1) 10:00 ч. 2) 15:00 ч. |
| 2 | 23.06.2026 | 1) Сузакский район 2) Байдыбекский район | Актовый зал районного акимата 1) с.Шолаккорган 2) с.Шаян | 1) 10:00 ч. 2) 15:00 ч. |
| 3 | 26.06.2026 | 1) Тюлькубасский район 2) Сайрамский район | Актовый зал районного акимата 1) с. Т. Рыскулов 2) с. Аксу | 1) 10:00 ч. 2) 15:00 ч. |
| 4 | 29.06.2026 | 1) Сауранский район 2) г. Кентау | Актовый зал районного акимата 1) с. Шорнак 2) г.Кентау | 1) 10:00 ч. 2) 15:00 ч. |
| 5 | 06.08.2026 | 1) г.Арыс 1) Шардаринский район | Актовый зал районного акимата 1) г. Арыс 2) г. Шардара | 1) 10:00 ч. 2) 15:00 ч. |
| 6 | 07.08.2026 | 1) Жетысайский район 2) Мактааральский район | Актовый зал акимата 1) г. Жетысай 2) с. Мырзакент | 1) 10:00 ч. 2) 15:00 ч. |
| 7 | 14.08.2026 | 1) Келесский район 2) Сарыагашский район | Актовый зал районного акимата 1) с Абай 2) г. Сарыагаш | 1) 10:00 ч. 2) 15:00 ч. |
| 8 | 21.08.2026 | 1) Казыгуртский район | Актовый зал районного акимата 1) с. Казыгурт | 1) 11:00 ч. |
| 9 | 26.08.2026 | 1) Толебийский район | Актовый зал районного акимата 2) г. Ленгер | 1) 11:00 ч. |
Түркістан облысында «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында кәсіпкерлермен көшпелі кездесулер басталады
Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен көшпелі кездесулер басталады. Іс-шаралар кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру мақсатында облыстың барлық аудан-қалаларында өтеді.
Кездесулер барысында бизнес өкілдері қолданыстағы мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша жан-жақты кеңес алып, кәсіпкерлікті қаржыландыру және дамыту құралдарымен таныса алады.
Сонымен қатар қатысушыларға жеңілдетілген қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, кепілдік мүлік жеткіліксіз болған жағдайда несиелерге кепілдік беру, микронесиелеу, лизингтік қаржыландыру және мемлекеттік қолдаудың өзге де тетіктері түсіндіріледі.
Кездесулерге тек жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер ғана емес, сондай-ақ жеке кәсібін ашуды жоспарлап жүрген азаматтар да қатыса алады. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қолданыстағы қолдау шараларымен танысу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар қатысушыларға «Бәйтерек» холдингінің бірыңғай фронт-офисі ұсынатын қолдау құралдары туралы ақпарат беріледі.
Жалпы, «Мобильді фронт-офис» жобасы кәсіпкерлердің орналасқан жеріне қарамастан мемлекеттік қолдау бағдарламаларының қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Мұндай формат облыс орталығына бармай-ақ білікті мамандардан кеңес алуға мүмкіндік беріп, ауылдық округтер мен аудандардағы кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасайды.
Кездесулерге Түркістан облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мамандары, екінші деңгейлі банктердің өкілдері, Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау институттарының өкілдері қатысады.
Аталған бастама Мемлекет басшысының шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды кеңейту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.
Жобаны іске асыру мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға, ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етуге және өңірдегі кәсіпкерліктің тұрақты дамуына қосымша серпін беруге мүмкіндік береді.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Түркістан облысы бойынша «Мобильді фронт-офис» жобасы аясындағы көшпелі кездесулерінің өткізілу кестесі
| № | Шығу күні | Аудан / қала | Өтетін орны | Өтетін уақыты |
| 1 | 16.06.2026 | 1) Отырар ауданы 2) Ордабасы ауданы | Аудан әкімдігінің мәжіліс залы 1) Шәуілдір ауылы 2) Темірлан ауылы | 1) 10:00 с. 2) 15:00 с. |
| 2 | 23.06.2026 | 1) Созақ ауданы 2) Бәйдібек ауданы | Аудан әкімдігінің мәжіліс залы 1) Шолаққорған ауылы 2) Шаян ауылы | 1) 10:00 с. 2) 15:00 с. |
| 3 | 26.06.2026 | 1) Түлкібас ауданы 2) Сайрам ауданы | Аудан әкімдігінің мәжіліс залы 1) Т. Рысқұлов ауылы 2) Ақсу ауылы | 1) 10:00 с. 2) 15:00 с. |
| 4 | 29.06.2026 | 1) Сауран ауданы 2) Кентау қаласы | Аудан әкімдігінің мәжіліс залы 1) Шорнақ ауылы 2) Кентау қаласы | 1) 10:00 с. 2) 15:00 с. |
| 5 | 06.08.2026 | 1) Арыс қаласы 1) Шардара ауданы | Аудан әкімдігінің мәжіліс залы 1) Арыс қаласы 2) Шардара қаласы | 1) 10:00 с. 2) 15:00 с. |
| 6 | 07.08.2026 | 1) Жетісай ауданы 2) Мақтаарал ауданы | Аудан әкімдігінің мәжіліс залы 1) Жетісай қаласы 2) Мырзакент ауылы | 1) 10:00 с. 2) 15:00 с. |
| 7 | 14.08.2026 | 1) Келес ауданы 2) Сарыағаш ауданы | Аудан әкімдігінің мәжіліс залы 1) Абай ауылы 2) Сарыағаш қаласы | 1) 10:00 с. 2) 15:00 с. |
| 8 | 21.08.2026 | 1) Қазығұрт ауданы | Аудан әкімдігінің мәжіліс залы 1) Қазығұрт ауылы | 1) 11:00 с. |
| 9 | 26.08.2026 | 1) Төлеби ауданы | Аудан әкімдігінің мәжіліс залы 2) Ленгер қаласы | 1) 11:00 с. |

