15 Ноя 2026, Вс

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ АЗАМАТТАРҒА БАСПАНА БЕРІЛДІ

Меркі ауданында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы орайда Сарымолдаев ауылдық округінде мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға, асыраушысынан айырылған және көпбалалы отбасыларға жаңа тұрғын үйлердің кілттері табысталды. Салтанатты шараға аудан әкімі Ербол Жиенқұлов қатысып, баспаналы болған азаматтарды қуанышты сәттерімен құттықтады.