15 Ноя 2026, Вс

ЖАС САРБАЗДАР АЛҒАШҚЫ СЫНАҚТАН ӨТТІ

Тараз қаласында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригаданың жас сарбаздары алғашқы жауынгерлік сынақтардан өтті. «Айша бибі» полигонында олар үшін алғашқы жауынгерлік дайындық сабақтары ұйымдастырылды. Автоматтан оқ ату, бронды техниканы өткізу, граната лақтыру және күрделі кедергілер жолағынан өту секілді теория жүзінде меңгерген дағдыларын сарбаздар іс жүзінде сынап көрді.