Жаз мезгілінің басталуымен су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі өзекті бола түсті. Осыған байланысты Қызылорда қаласында суға түсуге арналмаған аумақтарда тұрақты мониторинг пен профилактикалық рейдтер жүргізілуде. Қазіргі таңда қала аумағында суға түсуге рұқсат етілген екі жағажай жұмыс істейді. Олар қажетті құтқару құралдарымен жабдықталып, арнайы мамандармен қамтамасыз етілген.

