15 Ноя 2026, Вс

АҢЫЗ БАПКЕР ТУРАЛЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

Сыр шахарында аңыз жаттықтырушы Вилорий Пак туралы жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. «НАШ ТРЕНЕР» деп аталатын деректі-ғұмырнамалық туындының авторы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің резевтегі подполковнигі, жазушы Ғани Сихымов. Кітапта Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ауыр атлетика спортының дамуына зор үлес қосқан Вилорий Пактың өмір жолы мен еңбек жолы кеңінен баяндалған.