15 Ноя 2026, Вс

ҚҰМШАҒАЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

Тараз қаласына қарасты Құмшағал тұрғын алқабында өзекті мәселеге айналған ауыз су жайы көтерілді. Тұрғындардың өтініші негізінде Жібек жолы ауданының әкімі арнайы келіп, халықпен кездесу өткізді. Жиынға аудан әкімдігінің мамандары мен «Жамбыл су» мекемесінің өкілдері қатысып, мәселенің мән-жайын түсіндірді.