15 Ноя 2026, Вс

КИНОЛЕКТОРИЙ АРҚЫЛЫ ТАРИХҚА САЯХАТ

Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің 30 жылдығына орай еліміздің бірнеше өңірінде «Хроникадан болашаққа» атты республикалық кинолекторий ұйымдастырылуда. Ауқымды жоба аясында ұлттық және халықаралық фестивальдерде марапат алған үздік деректі фильмдер көрермен назарына ұсынылуда. Аймақта осы жоба аясында Арал тағдырына арналған «ARAL» деректі фильмінің арнайы көрсетілімі өтті.