15 Ноя 2026, Вс

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ АКЦИЯ

Аймақта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең көлемді тазалық акциясы өтті. Ботаникалық саябақта ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, өңірдің санитарлық тазалығы мен абаттандыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Ауқымды сенбілікке 17 мыңнан астам адам жұмылдырылды.