Бүгінде тек облыс орталығында ғана емес, шалғай аудандардағы білім ордаларында да ауқымды бастамалар сәтті жүзеге асып келеді. Осындай оң өзгерістердің жарқын үлгісін Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан агротехникалық жоғары колледжінен көруге болады. Бүгін аталған оқу орнының базасында «AgroFuture Life» ауыл шаруашылығы салалық кластерін дамыту орталығы ашылып, жаңа жоба ресми түрде жұмысын бастады. Бұл бірегей жоба агроөнеркәсіптік кешенді серпінді дамытуға және ауыл шаруашылығы саласына аса қажетті білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
Ақпараттық порталы

