15 Ноя 2026, Вс

ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІҢ ШЫҢДАЛУЫ

Тараздағы Гарнизондық офицерлер үйінде запастан өңірлік «Оңтүстік» қолбасшылығы әскерлеріне әскери қызметке шақырылған офицерлерге арналған тактикалық дайындықтың базалық курсының аяқталуына байланысты салтанатты жиын өтті. Тактика курсына кезінде әскери кафедраны бітіріп, генерал шеніне дейін көтерілген әрі Қорғаныс министрінің орынбасары деңгейіне жеткен офицер, генерал-майор Бақыт Құрманбаевтың есімі берілді. Бұл запастан шақырылған офицерлердің оны үлгі тұтып, бой түзеуі үшін жасалды.