Мектеп табалдырығын аттау – бала өміріндегі ең маңызды әрі жауапты кезең. Ал оны стрессіз, қызықты әрі танымды ету – бүгінгі мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеті. Бүгін Жамбыл облысының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Байзақ ауданында «Ойын мен зерттеу арқылы мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке бейімдеу» атты ауқымды облыстық семинар өтті. Тәрбиешілер мен әдіскерлер бас қосқан алқалы жиыннан тілшіміз толығырақ тарқатады.
Ақпараттық порталы

