Тараз қаласында жасанды интеллект пен заманауи өндіріс саласының мамандарын даярлайтын қос бірдей ірі жоба — «AI Innovation Academy» инновациялық зертханасы мен «Даму зертханасы» білім беру-өндірістік химия кластерінің ашылу рәсімі өтті. Айтулы шарада Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен зауыт басшылары, білім басқармасының өкілдері және Қытайдан келген мәртебелі меймандар қос орталықтың лентасын қиды.
Ақпараттық порталы

