15 Ноя 2026, Вс

ИННОВАЦИЯҒА БАСТАР ЖОЛ

Сыр елінде ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті. «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбындағы пленарлық жиында ғылым мен өндірісті ұштастыру, су ресурстарын тиімді пайдалану, цифрландыру және өңірлік ғылымды дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Басқосуға Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, аймақ басшылығы, ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысты.