15 Ноя 2026, Вс

МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАРДЫ БАҚЫЛАУ

2026 жылдан бастап Қазақстанда мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа шарттары күшіне енді. Бұл өзгерістер кәсіпкерлік қызметтен табыс алып, бірақ ресми тіркелмеген азаматтарды анықтауға бағытталған. Жаңа талапқа сәйкес, егер жеке тұлғаның кәсіпкерлікке арналмаған шотына қатарынан үш ай бойы 100 және одан да көп әртүрлі адамнан қаражат түсіп, оның жалпы сомасы 1 миллион 20 мың теңгеден асса, бұл мәліметтер салық органдарына жолданады. Алайда бұл жеке аударымдарға автоматты түрде салық салынады дегенді білдірмейді. Осы және өзге де өзгерістер жайлы алдағы сюжетте!