15 Ноя 2026, Вс

СЫР СПОРТШЫЛАРЫ САЙЫСҚА ТҮСТІ

Сыр еліоде үстел теннисінен «Samruk Alaman» облыстық ашық турнирі басталды. Дүбірлі дода Samruk Kazyna Trust корпоративтік қорының 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Жарысқа өңір спортшыларымен қатар Түркістан облысы, Шымкент қаласы мен Байқоңырдан келген 150-ге жуық теннисші қатысуда. Олар ересектер, жастар және жасөспірімдер санатында өзара мықтыны анықтайды.