Күні кеше «AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Жиынға Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, сондай-ақ депутаттық корпус пен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі және партияның Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланды.
Ақпараттық порталы

