Қызылорда облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар күшейтілген. Жыл басынан бері Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының көмегімен 58 қылмыс ашылып, 13 мыңнан астам қоңырау қабылданған. Бейнебақылау камералары арқылы 30 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Оның басым бөлігі – жол қозғалысы ережелерін сақтамау деректері.

