9 Май 2026, Сб

ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

Елімізде әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Биылғы науқан аясында Қазақстан Қарулы Күштері, өзге де әскерлер мен әскери құрылымдар қатарына 21 мыңға жуық азамат аттанбақ. Оның ішінде Жамбыл облысынан 1,5 мыңға жуық жас сарбаз әскери борышын өтеуге жолданады. Өңір әкімдігі мен жергілікті әскери басқару органдары жамбылдық жігіттердің әскери бөлімдерде туған өлкесінің абыройын лайықты қорғайтынына сенім білдірді.