Тараздың орталық көшелеріне жол апатына түскен көліктер мен мопедтер әдейі қойылды. Сынған әйнек, мыжылған темір — бәрі жол ережесін сақтамаудың нақты салдарын көрсету үшін шығарылған. Акция адам көп жүретін орындарда өтті. Көлік жүргізушілері қасынан өткен сайын өз қауіпсіздігі туралы ойлансын деген мақсат көзделген.

