15 Ноя 2026, Вс

МҰХТАР ШАХАНОВТЫ АҚТЫҚ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Түркістан облысында қалың ел қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды. Қаралы жиын Отырар ауданында өтті. Ақынмен қоштасуға еліміздің түкпір-түкпірінен зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері жиналып, оның рухына тағзым етті.