9 Май 2026, Сб

ЖАҢА ДРАМА ТЕАТРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Қызылордада мәдениет пен руханиятқа серпін беретін маңызды жоба бастау алды. Президент саябағында жаңа драма театрының іргетасы қаланып, капсула салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.