Таразда кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың жүлдесіне арналған жасөспірім қыздар мен жастар арасындағы бокстан Республикалық турнир өтуде. Жарысқа еліміздің 20 облысы мен Өзбекстан Республикасынан келген былғары қолғап шеберлері қатысуда. Дәстүрлі дода қыздар боксын дамытуға және жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға бағытталған.

