Елімізде 2019–2025 жылдар аралығында «Ауыл – ел бесігі» жобасы табысты жүзеге асырылды. Негізгі мақсат – ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, елді мекендерді дамыту. Осы игі бастама аясында Жамбыл ауданына қарасты Тастөбе ауылында заманауи спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.

