Жамбыл облысында ауыл шаруашылығына аса қауіпті зиянкестерге қарсы жұмылдыру жұмыстары жарияланды. Өңірде шегірткеге қарсы ауқымды науқан басталды. Арнайы семинар аясында аграршылар мен сала мамандары техниканы тексеріп, егіс алқаптарын қорғау жоспарын бекітті.

