«AMANAT» партиясы облыстық филиалы мен «BIALI SPORT» серіктестігінің бастамасымен өткен жарысқа 400-ге жуық адам қатысты.
Марафонның басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындардың белсенділігін арттыру. Айта кетейік, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүгедектігі бар азаматтар да жарысқа қатысып, шараның әлеуметтік маңызын арттырды. Жарыс 5 және 10 шақырым қашықтықта өтіп, қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай бақ сынады.

