Жауынгерлік сабақ барысында генералдың көрсеткен жеке үлгісі сарбазға жігер беріп, оның әскери қызметке қатысты жоспарын өзгертті. Жамбыл облысы Қордай ауданындағы «Матыбұлақ» полигонында танк бригадасының әскери қызметшілері Т-72 қаруынан жоспарлы ату жаттығуларын өткізді. Жауынгерлік дайындық барысын Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев бақылады.

