Шағын кәсіпті жалпыұлттық брендке қалай айналдыруға болады? Тараз қаласында «CAF KAZBRAND» республикалық туры аясында ауқымды жиын өтті. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдерімен ашық диалог ұйымдастырылды. Елімізге танымал сарапшылар Таразға арнайы келіп, бизнесті кеңейту мен табысты еселеудің нақты тәсілдерімен бөлісті.

