19 Апр 2026, Вс

«SILK WAY FASHION EXPERIENCE» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Тараз қаласындағы «Көне Тараз» мәдени кешенінде Silk Way Fashion Experience аймақтық фестивалі өтті. Ауқымды шара Қазақстан мен Қырғызстаннан келген сарапшыларды, дизайнерлерді, кәсіпкерлер мен қолөнершілерді бір алаңға жинады.