Тараз қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар мен түзеу мекемелерінен босап шыққан тұлғаларды жұмыспен қамтуға бағытталған арнайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны қалалық мансап орталығы мен әкімдіктің Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

