Жібек жолы ауданында орналасқан Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінде Ұлттық киім күніне арналған «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі» атты мерекелік фестиваль өтті. Атаулы шараның басты мақсаты – ұлттық киім арқылы халқымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеу болды. Іс-шараға Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова арнайы қатысты.

