20 Апр 2026, Пн

ШАҢЫРАҚ КҮНІ ПЕРЗЕНТХАНАДА АТАП ӨТІЛДІ

Күні кеше Меркі ауданында Шаңырақ күніне орай перзентханада тағылымды іс-шара өтті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеген жиын қасиетті шаңырақтың мәнін айшықтай түсті. Шараға аудан ақсақалдары қатысып, олардың қатарында билер кеңесінің төрағасы Медербек Өзбеков те болды. Қонақтарды бас дәрігер Гүлнұр Қазанғапова қарсы алып, ұлттық нақыштағы көрмелерді таныстырды.