21 Апр 2026, Вт

ҰЛЫ ДАЛА АБЫЗЫ

Бүгін Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала абызы» атты поэзия марафонның марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» ұйымдастырды. Рухани кешке ақын шығармашылығын қадір тұтқан өнерсүйер қауым, жастар мен әдебиет жанашырлары жиналды.